«Наурыз мейірімі». Осындай атаумен Талдықорғандағы агротехникалық колледжінде қайырымдылық акциясы өтті. Аясында аспаз мамандығында оқитын студенттер өздері пісірген түрлі өнімді қала оқушылары мен жатақхана тұрғындарына таратты. Айта кетейік, игі шара білім ордасында Ұлыстың ұлы күніне қарсы алғаш рет ұйымдастырылып отыр.