Қант қаттығы қолдан жасалған. Немесе оған Ресейдің құмшекер экспортына шектеу қоюы себеп. Қазір тәтті түйіршік бағасының өсуіне қатысты қоғамдағы екі түрлі болжам осы. Министрлік тарапы қос пікірді де жоққа шығармайды. Десе де тұрғындарға алаңдауға еш себеп жоқ деп отыр.