Іле аудандық орталық ауруханасы коронавирус инфекциясын жұқтырып ауыр халде түскен жүкті әйелді ажал аузынан алып қалды. Өкпесінің 90 пайызға жуығы бүлінген науқасты аман алып қалу үшін дәрігерлер 43 күн бойы кірпік ілмей күрескен. Мұндай қуанышты жағдай республика бойынша бірде бір аудандық ауруханада тіркелген емес. Тек Ілелік ақхалаттылар ЭКМО апаратын бір емес екінші мәрте сәтті қолданып отыр.