Наурыз – қаймана қазақ үшін қасиетті мереке. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Жаңа күнді Қаратал ауданның жұртшылығы да жәйдары жүзбен қарсы алып жатыр. Бүгінгі қуаныштың орны бөлек. Өйткені атаулы дата карантин кесірінен екі жыл кең көлемде тойланған жоқ. Енді міне қайта құшақ ашқан мерекелік шара шымылдығы өздеріңіз көріп тұрғандай ұлттық дәстүрге негізделген театрланған қойылыммен ашылды.