Ата-бабаларымыз ежелден ат жарыстырып, балуан белдестірмей той-томалақ өткізуші ме еді?! Тіпті ас берсе де ат шаптырып, балуандарын күрестіретін қазекем Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамын спорт жарыстарымен және сайыстарымен әсерлендіріп жіберетін. Биыл да өз жалғасын тапты. Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында ұлттық спорттың бірнеше түрінен турнирлер өтті.