Қазақтың ұлы даласында сан ғасырлар бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке – Наурыз. Күн мен түннің теңелетін осынау ерекше күнін қазақ – жаңару мен жасарудың нышаны, дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы деп құрметтеп, береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы ретінде дәріптеген. Наурыз – табиғат атаулының тiрiлiп, өмiрге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы.