Талғар ауданы Панфилов ауылында жастар арасында ұлттық ат спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Осы шара аясында бүгін Көкпаршылардың жарысы басталды. Еліміздің әр өңірінен жиналған 15 команда 4 күн бойы өзарасындағы кіл мықтыны анықтайды.