Бұл – жалған дауыс жинаудың жолын кесуге, әрі қазақстандықтардың науқаннан қалыс қалмауына қолайлы. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездесуде облыс тұрғындары осындай ұсыныс білдірді. Нұрлан Әбдіров әр пікірді мұқият тыңдап, сайлау процесіне қатысты елді елеңдеткен тағы бірқатар сұрақтарға жауап берді.