Елде банк алдындағы берешегін төлеуді кешіктіретіндер көбейіп барады. Мұндай тенденция кейінгі үш айда белең алды. Бірінші несие бюросының мәліметіне қарағанда наурыздың басында уақытылы қайтарылмаған қарыздың жалпы сомасы бір триллион теңгеден асқан.