Оңай олжа оңдырмас. Елімізде биыл 600-ден аса пәтер тонаушы ұры ұсталды. Қазір тиісті жазаларын алды. Жалпы, бұл қылмыспен күрес қарқынды жүргізілуде. Тәртіп сақшылары бейнебақылау көмегімен күдіктілердің ізін суытпай, оларды әшкерелеп жатыр. Нәтижесінде соңғы 5 жылда үй тонау қылмысы 33,4%-ға азайған.