Талдықорғанда жасөспірімдер арасында облыстық «Айбын» әскери патриоттық ойыны басталды. Оған Жетісу өңірінің аудан қалаларынан 300-ден аса оқушысы қатысып жатыр. Бұл шара ел біріншілігіне іріктеу болып есептеледі. Яғни үздік шыққандар аймақ құрамасына алынып, республикалық жарыста өнер көрсетпек.