Қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандарды жазалау керек. Ал айғайға ілесіп кеткен жастардың мәселесін басқаша қарау керек. Оларды тұрмеде шіріткеннен не ұтамыз? Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында осылай деді. Және Болат Назарбаев жайлы, қолды болған қарулар туралы ашық пікір білдірді.