«Ата заңға өзгеріс енгізуге қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынамын. Бұл – әрбір қазақстандықтың ел тағдырын шешуге атсалысуына және демократиялық қоғам құруға жол ашады». Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында осындай мәлімдеме жасады.