Бүгін ораза айттың екінші күні. Күні кеше еліміздегі барлық мешітте қасиетті айдан кейін келетін айт намазы оқылды. Мереке күні таң сәріден Талдықорғандағы «Иман» мешітіне де жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Жамағат сәждеге бас тигізіп, құдайға құлшылық етті.