Жоңғар Алатауы сирек кездесетін тау арқарының мекені. Сол себепті Қызыл кітапқа енген жануарларды есепке алу мен мониторинг жұмыстары ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Жалпы Қазақстан Зоология институты сирек кездесетін түз тағыларын сақтау және көбейту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама құрып, оның орындалуына бастамашы болды.