Ақжүрек ақынмен кездесу. Талдықорған қаласы Еңбек ауылының №22 мектебінде ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, жетісулық ақын Торғын Тұрлыбаеваға арналған рухани кеш өтті. Шарада оқушылар қаламгердің түрлі тақырыптағы туындыларын жатқа оқып, ән айтып, автормен жақын танысты.