Ақжолтай жаңалық! Қапшағай қаласына белгілі ел көсемі Дінмұхамед Қонаевтың есімі ресми түрде берілді. Көлді қаланың тұрғындары көл-көсір қуаныштарын тойлауды бастап кетті. Ал президент жарлығы шыға сала жергілікті әкімдік қалаға кіре беріс, шыға беріс қақпаларды сондай ақ мемлекеттік мекемелердің маңдайшаларындағы атауды ауыстыру жұмыстарын қолға алды.