Жаңа Қазақстанды жасауға әр қазақстандық үлес қосу керек. Ол үшін алда өтетін референдумда сайлауға қатысып, ел тағдыры түзілетін сәтке атсалысу маңызды. Өңірге іс-сапармен келген сенатор Жанболат Жөргенбаев осылай дейді. Парламент Сенатының депутаты бірнеше ауданды аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алғашқы кездесу Қарасай аудандық ауруханасында өтті.