Елде есту мен көру қабілеті төмен балалар саны жыл санап артып келеді. Сондықтан инклюзивті қоғам құруға барынша күш салу қажет. Қонаев қаласына арнайы іс сапармен келген сенаторлар осылай деп отыр. Халық қалаулылары қаладағы № 4 психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті мен балалар шығармашылық орталығының жұмысымен танысты.