«Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім»… Халқымыздың дара перзенті Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың сөзі. Халқы үшін білім-білігін, қажыр-қайратын сарп еткен заңғар тұлға. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері. Биыл туғанына -110 жыл. Бүгін құрметіне Балқаш ауданында еңселі ескерткіші ашылды. Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, зиялы қауым өкілдері мен тұлғаның ұрпақтары қатысты.