Облыста халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл 18 жоба қолға алынбақ. Оған бюджеттен 9 жарым млрд. қаржы бөлінді. Бұл туралы бүгін өткен облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссия отырысында айтылды. Оған Талғар, Қарасай, Іле ауданы әкімінің орынбасарлары шақыртылды. Өйткені, халық қалаулыларына аталған өңірлерден шағып көптеп түседі екен.