Кегенге іссапары соңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев аудан халқымен кездесті. Облыс беталысын қысқаша баяндады. Аудан ахуалына тоқталды. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша тапсырмалар берді. Соңында тұрғылықты халықтың сауалдарына жауап берді.