Отанға адал қызмет етемін! Қонаев қаласындағы «радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау» әскери базасында ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шараға жас сарбаздардың ата-аналары арнайы қатысып, перзенттерінің ел мен жер алдындағы сертіне куә болды.