Суды үнемдеу заман талабы. Сарапшылар болжамынша. 2040 жылға қарай Қазақстанда суды тұтыну көлемі 56%-ға өседі, ал су тапшылығы жылына 12 текше километрге дейін жетуі мүмкін. Оның үстіне Қазақстандағы өзендер тартылып барады. Сондықтан, үкімет қазірден суды үнемдеу технологиясына көшуді талап етіп отыр. Бұл мәселе бүгін Үкімет отырысында қаралды. Аталған талап әсіресе, оңтүстік өңірлерге қатысты. Өйткені, егіс суғаруға жұмсалатын судың 97 пайызын Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары қолданады.