Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра… Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамбльінің домбырашысы Ботагөз Дүнгенбаеваның күй кеші өтті. Шәкірттері арқау болған шарада республикадан арнайы қонақтар келді. Домбыраның үніне құлақ түрген халық қарасы да аз болмады.