Қонаев қаласында тұрғын үй құрылысы қызу. Шаһарда 4 көпқабатты
баспана құрылысы жүргізілуде. Оның 3-уі биыл қолданысқа берілмек. 120 тұрғын қоныс тойын тойламақ. Тең жартысы «Нұрлы жер» бағдарламасымен табысталады. Сондай-ақ, тағы да салынатын үй орындары бекітіліп, құжаттары реттелуде.