Бүгінгі ашаршылық және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Талғар ауданы Жаңалық ауылына бір қауым ел жиналды. Өңір атқамінерлерімен жазықсыз жәбірленгендердің ұрпақтары сондай ақ зиялы қауым өкілдері таңнан келіп, әруақтар рухына тағзым етіп құран бағыштады. Қасіретті жылдардың қайғысымен бөлісті.