Талдықорғандық бүлдіршіндер бақытты балалық шаққа саяхаттады. Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Жастар саябағында ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Ата-аналар мен бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күймен мерекені тойлады. Бұл мейрам облыс орталығы балақайлары үшін ұмытылмас күн болды.