Тұңғыш ұйымдастырылған шараға Жетісу өңірінің 30 нар тұлғалы, жүректі жігіттері жиналды. Қара күш иелері 5 кезеңнен тұратын жарыста бақ сынады. Қазақтың этно-ойындарын дәріптеп, өз арасындағы кіл мықтыны анықтады, Сайыс еліміздің мемлекеттік рәміздер күніне арналды.