Үміт пен сенім жетегінде… 13 сағатқа созылған референдум да аяқталды. Осыдан жарты сағат бұрын, яки, астана уақытымен 20 00 де 10 мың 13 сайлау учаскесі есігін жапты. Қазір жер – жерде дауыс беру жәшіктері ашылып, бюллетеньдер санала бастады. Алматы облысында сайлау қандай деңгейде өтті? Алғашқы нәтижелер қандай?