Ел болашағы үшін. Осылай деген ескелділіктер таңмен таласа тұрып, мал-жайын жайғап, референдум учаскелеріне ағылды. Ескелді ауданында 34 867 дауыс беруші, 35 учаске бар. 27-сі мектептерде орналасқан. Бірі – Жетісу ауылындағы нөмірі 237-ші нысан. Айта кету керек, бұл ауданда референдум қорытындысы бойынша дауыс берушілердің 77,26 пайызы өз таңдауын жасады.