Қапшағай Қонаев қаласы атанғалы тұрғындарының бойында өмірге деген құлшыныс, болашаққа деген ынта-ықылас байқалады. Қала тұрғындары елдегі әр елеулі сәтте «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қимылдап жүр. Бүгін де референдум барысында Қонаевтықтар ынтымақтарын танытты. Қатысу деңгейлері жоғары.