Республикалық референдумда Көксу ауданы жұртшылығы да береке-бірлік танытты. Үлкендер бастап, жастар қостап, таң атқалы үздіксіз дауыс беріп жатты. Нәтижесінде аудан тұрғындарының 26 341 нің 21 163і дауыс берді. Яғни 80% пайыздан астамы референдумға өз үлесін қосты.