«Референдум нәтижесі – саяси жаңғырудың нағыз символына айналды». Бүгін сағат 20.00-де референдум қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасаған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Референдум жоғары деңгейде өткеніне тоқталды. «Мемлекет дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Халық өз таңдауы арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға дайын екенін көрсетті», деді. Барша Отандастарды жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.