Ұл туса – ел қуаты, қыз туса шуағы артады. Кеше 5 маусымда, республикалық референдум өтіп жатқан күні Талдықорғанда 19 нәресте дүниеге келді. Олардың 12 сі маңдайы торсықтай ұл. 7 – уі қыз. Облыстық перинаталдық орталық мамандары аналарды аман-есен босандырып алды.