Биыл Талдықорғанда 40-қа жуық аула алаңы жаңартылып жатыр. Жобалар өткен жылдан ауысқан. Барлығы тегіс қазан айында тұрғындар игілігіне берілмек. Олардың сапалы салынуы қалалық мәслихат депутаттарының назарында. Бүгін халық қалаулылары мониторинг жұмыстарын жүргізді.