Сенатор Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа төмендетуді ұсынып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Қоғамдағы қызу талқыланып жатқан өзекті мәселені халық қалаулылары жылы жауып, отыруға болмайтынын айтты. Депутаттың сөзінше, соңғы кездері Үкімет зейнетақы саласына назар аударды. Ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатыр.