Жазғы лагерлерге жол ашық. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Тау-Жаңашар» балалар лагері алғашқы 270 оқушыны қабылдады. Жазғы демалыс орны Түрген шатқалында орналасқан. Ағымдағы жылы Тау-Жаңашар сауықтыру орталығы 16 жасқа дейінгі екі мыңдай жас жеткіншекті қамтымақ.