Жетісу облысында шенеуніктер 1 кітап жиынтығын 58 млн теңгеге сатып алмақ болған. Дәлірек айтсақ, Сарқан ауданының білім бөлімі 1 кітап жиынтығын 57 млн 976 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал оның нарықтағы орташа бағасы – 670-2000 теңге аралығында. Заң бұзушылық «Сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталы арқылы анықталған.