Жылдың үздік медицина қызметкерлері анықталды. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан ақ халаттыларды марапаттады. Ең жас маман, сала ардагерлері мен еңбегі сіңген дәрігерлерге сый-құрмет көрсетілді.