Басты ұстанымы не, бас кеңсесі қайда екенін сұрап үлгерді… Бүгін БАҚ өкілдері орайлы сәтті пайдаланып, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтан алғашқы сұқбат алды. Тосыннан қойылған қос сұрақтың алғашқысы: «Облыс әкімі ретінде қолға алар басымды бағыттары туралы болды. Әкім «Мемлекет басшысы талап еткеніндей: ең бірінші мақсатым – халықтың әл-ауқатын жақсарту», – деп жауап берді.