Қуанса бала қуансын! Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандық және Текелілік балалар игілігіне жүрдек шағын автобустар тарту етті. Қос көлік енді оқушылар сарайы мен туризм орталығы тәрбиеленушілерін түрлі шараларға тасымалдайтын болады.