Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қазақстандық полицияның 30 жылдығын атап өтті. Заречный ауылының ЛА 155/12 жабық мекемесінде мерекеге орай қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды.