Алматы облысында жазғы өрт қауіпті кезеңі басталды. Өрт пен судан болатын жазатайым оқиғаларға жас өрендер де дайын болғаны жөн. Дұрысы қауіптің алдын алған абзал. Осы мақсатта Талғар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері профилактикалық шараларды тау бөктеріндегі демалыс лагерлерінде жүргізді.