Нөсер жауын салдары. Кеген ауданында толасыз жауған жаңбырдан Түменбай ауылындағы 11 үйдің ауласын су басты. 4 баспанаға материалдық шығын келтірілген. 60-тан аса түтіні бар елді-мекен тұрғындары аудан әкімдігі қызметкерлері бұл ауылдың су басу қауіпінен хабардар екенін айтады. Егер ертерек тиісті шешім қабылдағанда, бұл апаттың алдын алуға болатын еді деп ашулы.