«Ұлы адамдар ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, мүсінін болашақ соғады» деген. Ақсулықтар есімдері елге мәлім қос жерлестеріне ескерткіш орнатты. Алғашқысы – Кеңес одағының батыры Есмұрат Сиқымовқа. Екінші мүсін академик Жүрімбек Сыдықовтікі. Ұрпақ біліп, тағзым ете жүрсін, дейді игі іске ат салысқандар.