Киелі Күрті жері. Осындай атпен энциклопедиялық кітап жарыққа шықты. Тарихи-танымдық туынды құрылғанына 50 жыл толған бұрынғы Күрті ауданына арналған. Ширек ғасырдағы шежірелі еңбек, жерім деген ерлердің азаматтық болмысы суреттелген. Идея авторы – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Серік Үмбетов.