Тарихқа тағзым. Алматы облысының Кеген ауданында қазақтың ұлы батыры Тама биге ескерткіш орнатылды. Ашылу салтанаты Кеген ауылында өтті. Оған округ тұрғындары, аймақ тумалары мен қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Айта кетейік, Тама Баба ескерткіші батыр ұрпақтарының бастамасымен орнатылды.