Қонаевта мерекеге орай ұйымдастырылыған шаралар бірінен соң бірі жалғасты. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған домбыраның құлағында ойнаған жас күйшілер өнерлерін ортаға салды. Ұлттық өнерді дамытып, өскелең ұрпаққа насихаттайтын «Үкілі домбыра» Республикалық байқауы Домбыра күні мен Астана күніне орай өтіп отыр.