Мемлекет қолдауының арқасы. Биыл Ұйғыр ауданында 17 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен жұмысқа тұрды. Естеріңізге сала кетейік, бұл «Ұлттық жоба» бағдарламасының бір бағыты. Еңбек жолын енді бастаған қыз-жігіттер үшін тиімді. Яғни әр қатысушының өз саласы бойынша 18 ай еңбек етіп, тәжірибе жинап, тұрақты жұмыс табуына мүмкіндік береді.